Нұр-Сұлтанда Сауран көшесіндегі учаске жабылады

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сауран көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 6-20 тамыз аралығында Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген ведомство хабарламасында.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2711 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить