Ажар Ғиният және ҚР-ның Франциядағы елшісі Денсаулық сақтау саласындағы серіктестік мәселелерін талқылады

3122

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Гүлсара Арыстанқұловамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы денсаулық сақтау саласындағы серіктестік туралы Декларациямен регламенттелген ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Декларацияға ҚР ДСМ және Францияның Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық министрлігі арасында 2021 жылғы мамырда қол қойылды.

Аталған құжат академиялық ұтқырлық және медицина кадрларының біліктілігін арттыру; онкология және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық; әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау; медициналық-санитариялық алғашқы көмек; медициналық технологиялар мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить