Қазақстан теннисшілерінің Билли Джин Кинг кубогындағы қарсыластары анықталды
09 июля 2022 19:22
3236
Лондон қаласында Билли Джин Кинг кубогы финалдық бөлігі топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Еліміздің әйелдер құрамасы С тобына түсті. Қазақстандық теннисшілер корт иесі – Ұлыбритания, сондай-ақ Испания құрамасымен ойнайды. Айтулы дода Шотландияның Глазго қаласында 8-13 қараша күндері өтеді. Қазақстан әйелдер құрамасы (капитаны Ярослава Шведова) биылғы сәуірде елордада командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Германия теннисшілерін ұтып, өз тарихында алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.
Вам может быть интересно: «Объем поставок завода Tesla в Шанхае в первой половине этого года превысил 60% от общего объема 2021-го»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter