Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан арасын жалғайтын теміржол салынбақ

 Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан теміржол құрылысының ықтимал бағыты жақында Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің жиналысында талқыланды, деп хабарлайды  Министрлер кабинеті.

Кеңесте Қырғызстанның көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев «Торугарт – Макмал - Жалал-Абад» бағыты бойынша темір жол магистралін салу мәселелері бойынша ақпарат ұсынды.

Оның айтуынша, жобаның тиісті техникалық-экономикалық негіздемесі осы жылдың желтоқсан айында дайын болады.

«Қытай – Қырғызстан - Өзбекстан теміржол құрылысының жобасы — біз ерекше басымдық беретін бірегей жоба. Бейінді мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуі қажет», - деп атап өтті Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров.

«Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» теміржолы - үш елдің, одан әрі Парсы шығанағы елдерінің, еуропалық теміржол желісімен байланысты Түркия Республикасының темір жолдарына жол ашуға арналған теміржол магистралі.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте