Министр Бағдат Мусин Павлодар облысындағы цифрлық жобаларға оң баға берді

3484

Кеше Павлодар облысына ҚР цифррлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен келді. Ол бірқатар бейіндік ұйымдардың жұмысын тексеріп, өңір тұрғындарымен кездесті, Ахуалдық-сараптамалық орталықтың жұмысымен танысты және өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовпен кездесу өткізді.

АСО-та министрге ақпараттық-сараптамалық және басқа жүйелердің мамандарына тиімді шешімдер қабылдауға көмектесетін және салалық мамандарға оңтайлы шешімдер қабылдауға көмектесетін жүйелер таныстырылды. Мәселен, ауылдық елді мекендердегі ахуалдың мониторингі аумақтардың біркелкі дамуына, ал азаматтардың өтініштері бойынша жұмысты бақылау – олардың уақтылы және нәтижелі орындалуына ықпал етеді.
- Екі жыл бұрын Павлодар облысына жұмыс сапарымен келіп, цифрландыру мәселелері бойынша әкіммен кездестім. Көп уақыт өтпесе де, ауқымды жұмыс атқарылды, – деп түйіндеді министр Бағдат Мусин. - Облыс басшылығының Цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыруға жеке араласуы қысқа уақыт ішінде айтарлықтай күрделі жобаларды жүзеге асыруға көмектесті. Бүгін маған іске асырылған Цифрлық жобалар, үлкен деректерге негізделген шешімдерді дұрыс қабылдауға арналған заманауи ахуалдық орталық көрсетілді.

Облыста іске асырылып жатқан осы және басқа да цифрлық жобаларды министр мен өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов арнайы кеңесте талқылады. Сонымен қатар, Бағдат Мусин Торайғыров университетіндегі IT-мектебіне барудан алған әсерімен бөлісті. Естеріңізге сала кетейік, ол аймақтағы ақпараттық технологияларды үздіксіз оқытудың бір бөлігі болды. Министр оқу орнының академиялық құрамы мен инфрақұрылымына оң баға берді. Ол министрліктің міндеттерінің бірі – елордалық және Алматы деңгейінде өңірлік IT-хабтарды дамыту екенін атап өтті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить