Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты

 Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 32 жағдайы тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды.

21 маусымда коронавирус науқастары келесі өңірлерде анықталды: Нұр-Сұлтан қаласында - 7, Алматы қаласында - 18, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 1, Ақтөбе облысында - 1, Атырау облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында -1, Қарағанды облысында - 1, Қызылорда облысында -1.

Өткен тәулікте сондай-ақ 11 адам коронавирустан айықты: Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Алматы қаласында – 9, Қарағанды облысында – 1.

Айта кетейік, 20 маусымда 6 өңірде коронавирустың 20 жағдайы анықталған болатын. Ал 19 маусымда індет 12 адамда (Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында) тіркелді.

Жалпы пандемия басталғалы елімізде індетті 1 306 014 адам жұқтырды, оның ішінде 1 292 180-і сауығып шықты.

Осы күндері Еуропа елдерінде коронавирус жұқтыру күрт артты . Ал Израильде күніне 10 мың адам аталған инфекцияға шалдығады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте