Тараптар Сирия бойынша Астана процесінің алдағы кездесуіне қатысатынын растады

1776

Сирия жөніндегі Астана процесінің бүкіл тараптары 15-16 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін келіссөзге қатысатынын растады.

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, келіссөзге кепілгер-мемлекеттер – Ресей, Түркия және Иран, сондай-ақ Сирия үкіметі мен сириялық оппозиция делегациялары қатысады.

Кездесуге бақылаушылар ретінде БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі кеңсесінің саяси мәселелер жөніндегі бас қызметкері Роберт Данн, Иордания делегациясы, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері қатысады.

Ресей делегациясы РФ Президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясы СІМ Көпжақты департаментінің бас директоры Сельджук Унал, Иран делегациясы СІМ саяси мәселелер жөніндегі аға көмекшісі Али Асгар Хаджи деңгейінде қатысады.

Келіссөздердің күн тәртібіне Сириядағы жағдай, оның ішінде гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ахуал, Женевадағы сириялық конституциялық комитет жұмысының жандану перспективалары, тараптар арасындағы сенімді нығайту, кепілге алынғандарды босату және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу мәселелері енеді.

2022 жылғы 15 маусымда кепілгер-елдер сарапшылар деңгейінде екіжақты және үшжақты консультация өткізуге ниетті.

16 маусымда барлық тараптардың қатысуымен жалпы отырыс өтеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube