Мемлекеттің қолдауымен 10 жаңа заманауи қан орталығы салынды – Сарымсақов

1873

Қазақстанда қан құю саласында 470-тен астам медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Жыл сайын республикада 80 мыңға жуық науқасқа қан құйылады. Оларға шамамен 400 мың қан құю жүргізіледі. Қазақстанда медициналық ұйымдар 100% қанмен және оның компоненттерімен қамтамасыз етіледі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының басшысы Батырхан Сарымсақов айтып берді.

«Қан компоненттері көбінесе акушерлік тәжірибеде, онкогематологияда, хирургияда, травматологияда қолданылады. Қан алу және құю процесі өте ауыр жұмыс. Оған қан орталықтарында 300-ге жуық дәрігер мен шамамен 700 медбике, стационарларында 500 дәрігер тартылады. Тиімді қан қызметі мемлекеттің қолдауынсыз мүмкін емес. Мемлекеттің қолдауымен 2008 жылдан бастап елімізде 10 жаңа заманауи қан орталығы салынды. Олар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, вирустық инактивация және карантиндеу технологиялары енгізілді», - деді спикер.

Айта кетейік, 2005 жылдан бастап жыл сайын 14 маусымда әлемнің барлық елдері Дүниежүзілік Донор күнін атап өтеді. Бұл мерекенің басты мақсаты – медициналық ұйымдарды донорлық қанмен қамтамасыз ету мәселесіне қоғам назарын аудару, сондай-ақ қан донорларын құттықтау.

Донорлық қан – адамдарға қан құю, операциядан кейін, хирургия, акушерлік салада стратегиялық ресурс болып табылады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube