Қазақстан ТМД елдері арасында екі кезеңдік скринингті бірінші болып енгізді

1557

Қазақстан ТМД елдері арасында екі кезеңдік скринингті бірінші болып енгізді. Бұл қанның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және инфекциялық ауруларды анықтауға көмектеседі, ortcom.kz деп хабарлайды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының басшысы Батырхан Сарымсақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде 2 мыңнан астам адам донор болып табылады. Олар жылына 360 мыңнан астам рет қан тапсырады.

«Ел бойынша қан орталықтарында жылына шамамен 200 мың литр қан жиналады және өңделеді. Қазір Қазақстанда 100-ден астам Құрметті донор тұрады, яғни олар өмірінде кем дегенде 40 мәрте қан тапсырған. Барлық донорларымызды құрметтейміз және оларға мықты денсаулық, табыс тілейміз», - деді спикер донорларды мерекемен құттықтай отырып.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube