Балалар «Ақорда» резиденциясын аралап көрді

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар, оқу озаттары, зияткерлік және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақорданы аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.

Елордаға еліміздің әр өңірінен 10-14 жас аралығындағы 34 оқушы келді. Балалар Президенттің «Ақорда» резиденциясындағы «Салтанат», «Мәрмәр», «Шығыс» залдарын тамашалады.

Экскурсия соңында балаларға Президент атынан сыйлықтар табысталды.
 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте