Ереванда жоғары технологиялар саласындағы Қазақстан-Армения ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

2889

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі Роберт Хачатрянмен кездесті. Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының негізгі қағидалары туралы, сондай-ақ 2022 жылғы 5 маусымда өтетін ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум жайлы хабардар етті.

Өз кезегінде армян тарапы Қазақстанға үдемелі даму мен саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың табысты жүргізілуін тілеп, өзге бағыттар бойынша екіжақты және көпжақты қатынастарды одан әрі кеңейтуге ықпалдастығын білдірді. Осы тұрғыда жоғары және ғарыштық технологиялар, цифрлық даму, ғылым және білім беру салаларындағы қазақстандық-армян ынтымақтастығының жандануы аталды. Р. Хачатрян өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және қолда бар үлкен әлеуетті пайдалануға мүдделілігін білдірді. Сонымен қатар, тараптар сондай-ақ 2021 жылғы 26 мамырдағы Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Армаения үкiметаралық комиссиясының 8-ші отырысының хаттамасын іске асыру мәселелері, сондай-ақ 2022 жылғы маусымда Ереванда өтетін 9-шы ҮАК отырысы жайлы ой бөлісті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить