Қазақстан мен Германия арасындағы әуе рейстері көбейеді

Биыл шілде айынан бастап Қазақстан мен Германия арасында аптасына 15 әуе рейсі жүзеге асырылатын болады, оның ішінде Орал – Франкфурт бағыты бойынша да.

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен карантиндік шектеулердің әлсіреуіне байланысты ҚР ИИДМ-нің Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіріп, әуе рейстерін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл тұрғыда, 2022 жылдың 15 мамырынан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы А321LR үлгісіндегі әуе кемесінде Нұр-Сұлтан – Франкфурт бағытындағы рейстер санын аптасына 5-тен 6-ға дейін, ал 1 маусымнан бастап 6 рейстен 7 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, 2 маусымнан бастап "Lufthansa" жоспарында А330/А340 әуе кемесінде Франкфурт – Нұр-Сұлтан/Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстер санын аптасына 4-тен 5 рейске дейін, 4 шілдеден – аптасына 7 рейске дейін ұлғайту көзделген.

Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Әуе рейстерінің ұлғаюы екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына, сондай-ақ туризмнің дамуына ықпал етуі тиіс.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1859 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Dream Team House переезжает в Казахстан? Смотреть на Youtube