2022 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы республикалық бюджеттің атқарылуы

1551

Мемлекеттік бюджетке 5 трлн 93 млрд теңге сомасында (трансферттерді есепке алмағанда) кірістер түсті немесе жоспар 108,6%-ға орындалды, ortcom.kz деп хабарлайды.

Республикалық бюджетке 3,4 трлн теңгеге жуық қаражат (трансферттерді есепке алмағанда) түсті немесе жоспар 101,1%-ға орындалды.

Кірістер бойынша жоспар 36 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар 24 млрд теңгеге, салықтық емес түсімдер 12 млрд теңгеге асыра орындалды.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 127,1%-ға атқарылды және 1 трлн 719 млрд теңгені құрады.

ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары 99,4%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,5%-ға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 5,6 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ БОЙЫНША

Биыл 4 айда 4,4 трлн теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылды.

МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 721 объектіні сату көзделген.

Есепті кезеңде сомасы 61 млрд теңгеге 227 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить