Юлия Путинцева Римде негізгі турнирге жолдама алды

2924

Қазақстандық, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Путинцева іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 66-ракеткасы, хорватиялық Ана Конюхпен күш сынасты. Бірінші партияда А.Конюх басымдылық танытты – 6:4. Есесіне бұдан кейін Ю.Путинцева ойын тізгінін қолына алды – 6:2, 6:2. Екі сағатқа созылған тартысты матч барысында Юлия 3 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Ю.Путинцева негізгі турнирге жолдама алды. Жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын Рим жарысына Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина да қатысады. Сондай-ақ жұптық сында Анна Данилина өнер көрсетеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить