Люксембургте алғашқы СІМаралық консультациялар өтті

2035

Қазақстан мен Люксембург алғаш рет СІМаралық консультациялар өткізді. Елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директоры Олжас Сүлейменов екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы консультацияларға қатысты. Люксембург делегациясын Сыртқы және еуропалық істер министрлігі Саяси департаментінің директоры Вероника Доккендорф басқарды.

Консультациялар барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша «сағат салыстырды». БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде, сондай-ақ Еуропалық Одақпен өзара іс-қимыл желісі бойынша Нұр-Сұлтан мен Люксембург арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелерін талқылауға ерекше назар аударылды.

Қазақстандық дипломат Люксембург тарапын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатырған «Жаңа Қазақстанды» құруға, сондай-ақ парламенттің рөлін күшейтуге бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар және алдағы конституциялық референдум туралы хабардар етті. Осы тұрғыда тараптар екі елдің парламентаралық диалогын жолға қоюға жан-жақты ықпал етуге уағдаласты.

Люксембург тарапы жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, адам құқықтары мен сөз бостандығын сақтаудың және азаматтық қоғамды дамытудың маңыздылығына назар аудара отырып, осы салада одан әрі практикалық көмек көрсетуге дайын екенін растады.

Тараптар Люксембург әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде танылған қаржы, жоғары технологиялар, ғарыш өнеркәсібі, цифрландыру және жасыл энергетика салаларындағы жаңа жобаларды іске асыру арқылы өзара тауар айналымын арттыру қажеттігін атап өтті.

О. Сүлейменов пен В. Доккендорф халықаралық қоғамдастықтың Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және мұқтаж адамдарға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін талқылады.

Іс-шара соңында делегация басшылары Қазақстан-Люксембург ынтымақтастығының үдемелі дамуына қанағаттанушылық білдіріп, екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізуге келісті.

29 маусымда Қазақстан мен Люксембург дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеді. Осы кезеңде елдер екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және нығайту бағытында айтарлықтай қадамдар жасады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube