Санкт-Петербургте қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру өтті

1993

7 мамырда Санкт-Петербург қаласындағы "Ленрезерв" Патриоттық бірлестігінде Қостанай облысының тумасы, Ленинград майданында соғысқан П.А.Фоменконың сүйектерін қайтару рәсімі өтті.

Ic-шараға Санкт-Петербург қаласының губернаторы А.Беглов, Санкт-Петербург қаласының Заң шығарушы органының төрағасы А.Бельский, Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласының Бас консулы Б.Досманбетов, "Ленрезерв" іздестіру отрядының бастығы Д.Ромашко, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Қызыл Армия жауынгерінің сүйектерін Ленрезерв патриоттық бірлестігінің іздеу отряды Невский пятачокта тапты. Нева жедел тобына қарасты 86-атқыштар дивизиясының 330-атқыштар полкінің штаб-пәтер блиндажынан 100 метр жердегі окоптан табылды.

Жақын арада марқұмның сүйегі оның туыстарына беріледі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить