Алматы әкімі Асанәлі Әшімовті мерейтойымен құттықтады

3059

Бүгін театр және кино актері әрі режиссері Асанәлі Әшімов 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Кеңес және Қазақстан киносының аңызын Ерболат Досаев құттықтады. Қала басшысы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

Қала әкімі әртістің театр өнері мен кинематографияның дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оған ұзақ ғұмыр тіледі.

"Сіз отандық кино тарихында ерекше орын аласыз. Бүгінде өнер саласындағы бастамалар мен жобаларды қолдап, насихаттап, жастарға бағыт-бағдар беріп, шетелде еліміздің абыройын асқақтатып жатырсыздар», – деді Ерболат Досаев.

Асанәлі Әшімов «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы" және т.б. фильмдерде ең жарқын және есте қаларлық рөлдерді сомдады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить