Алматы билігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тексеруге ниетті

1913

Қала билігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тексеруге ниетті. Оларға сауда үстемесі сатып алу бағасының 15% - ынан аспауы тиіс.

Егер көшпелі комиссия заң бұзушылықты анықтаса, кәсіпкер ескерту алады. Егер сауда нүктесінің иесі белгіленген бағадан қайта асып кетсе, айыппұл салынады.

Кәсіпкерге көмек ретінде балама ұсынылады - ҚР ірі дистрибьютерлері мен өндірушілерінен көтерме бағамен тікелей жеткізу.

Бұл шара Алматыда жыл басынан бері қолданылып келеді. Бүгінгі таңда жеткізілімдермен 1 мыңнан астам "үй жанындағы"дүкендер қамтылған. 8 ӘМАТ атауы бойынша 1,5 мың тоннаға жуық өнім тиелді: жұмыртқа, қант, күріш, ұн, күнбағыс майы, қарақұмық, рожки, тұз.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить