Сұлтанов: Көкөніс бағасының өсуі – өңірлердің шала жұмысының нәтижесі

1493

Өткен аптада ӘМАТ бағасының өсуі 0,6%-ды құрады. Сәбіз 2,8%-ға, пияз 2,6%-ға, картоп 2,2%-ға, қант 1,8%-ға, ұн 1,3%-ға қымбаттады. Қырыққабат 1,0%-ға, күнбағыс майы мен жұмыртқа 0,1%-ға арзандады, деп хабарлайды ortcom.kz.

Өңірлер бөлінісінде бір апта ішінде бағаның Алматы қаласында 1,2%-ға, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында 0,9%-ға өсуіне жол берілген.

Премьер-Министрдің орынбасары өңірлердің әкімдіктері Түркістан облысынан ерте пісетін көкөністерді жеткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты толық жүргізбейтінін және бөлшек саудадағы үстеменің тиісті деңгейде болуын бақыламайтынын атап өтті.

«Көкөніс бағасының өсуі – алдын ала келісім-шарт жасамау және көкөніс бағасын белгілемеудің нәтижесі», — деп атап өтті Б. Сұлтанов.

Атап айтқанда, Алматы әкімдігінің мәліметінше, Сейлхан ш/қ-нан 550 тонна көлемінде 140 теңгеден ерте піскен қырыққабат жеткізуге меморандум жасалды. Алайда шаруа қожалығы алдын ала төлем жүргізу актісін растамады.

Сонымен қатар сауда және интеграция министрі әкімдіктердің алқаптан сөреге дейінгі баға тізбегін қалыптастыруға мониторинг жүргізу жұмысын сынға алды. Мысалы, Түркістан облысы Жетісай ауданындағы орамжапырақ көтерме бағамен 160-170 теңгеден сатылуда. Алматыға дейінгі логистика қырыққабаттың құнын 190 теңгеге дейін арттырады. 15% сауда үстемесін ескере отырып, Алматы сөрелеріндегі баға 220 теңгеден аспауы тиіс. Алайда қырыққабат бөлшек саудада 280-ден 400 теңгеге дейін сатылады.

Басқа өңірлер бойынша да осындай жағдай. Шығыс Қазақстанда орамжапырақ бағасы 15% сауда үстемесімен 240-250 теңге болуы тиіс. Бөлшек саудада сату бағасы орта есеппен 310 теңге, ал сауда үстемесі 47,6% болуы тиіс.

Қостанай облысында қырыққабаттың көтерме бағасы (Түркістан облысынан жеткізу құнын ескере отырып) 205 теңге болса, бөлшек саудадағы бағасы 412-ден 500 теңгеге дейін ауытқиды.

«Мұндай баға әкімдіктердің жұмысты әлсіз ұйымдастырғанын, жетілдірілмегенін көрсетеді. Дүкендердің көп екенін түсінеміз, бірақ сапалы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, үстеменің 15%-дан аспауы үшін “Сауда қызметін реттеу туралы” заңның 9-бабы бойынша хабарламалар таратуға болады. Егер түсіндірулерден кейін де саудагерлер заңнама талаптарын орындамаса, әкімшілік шаралар қолдану керек», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Жалпы Қазақстан бойынша өткен аптада бөлшек сауда объектілерімен шекті рұқсат етілген сауда үстемесінің сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар 29,2 мың “үй жанындағы” дүкенді немесе сауда объектілерінің 69,6%-ын қамтыды. 553 бұзушылық анықталды. Нәтижесінде сауда нысандары ерікті түрде сауда үстемелерін 15%-ға дейін төмендетті.

Ай басынан бері сауда үстемесін бұзудың 985 жағдайы анықталды, оның ішінде 7 бұзушылық – қайталанған.

Премьер-Министрдің орынбасары әкімдіктерге Қазақстанның ерте пісетін көкөністерін Түркістан облысынан жеткізуге форвардтық келісімшарттар жасасу жөніндегі жұмысты жеделдетуді, сонымен қатар сауда объектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті сауда үстемесін мүлтіксіз сақтауын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ Бақыт Сұлтанов мамыр айының екінші онкүндігінен маусым айына дейін 174 мың тонна ерте пісетін картоптың жиналатынын атап өтті. Оны жаппай жинау басталған кезден алқаптың көтерме бағасы шамамен 150 теңге/кг болмақ.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить