Елордада биыл 100-ге жуық көше жолдары салынады

1335

Биыл астанада 100-ге жуық көше жолдары салынып, кейбіреуі жөнделетін болады. Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында елорда әкімі Алтай Көлгінов мәліме етті.

«Күн жылынған сәттен бастап мамандар жол жөндеу жұмыстарына кірісті. Олар орташа жөндеу жұмыстарын да, құрылысты да жүргізеді. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында қолға алынды, елді мекендер толық қамтылды десе болады. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар салу жұмысатры жүріп жатыр.

Дегенмен тұтас жобалар да бар. Онда ең алдымен инженерлік желілері салынуы қажет, содан кейін ғана жол салынады. Ал оған дейін уақытша жол төселеді. Биыл 100-ге жуық көше жолдарын салу және жөндеу жоспарланып отыр. Соңғы жылдары жөнделген және салынған жолдар саны 300-ге жетті.

Алайда құрылысы қарқынды жүріп жатқан жаңа аудандарда әлі жол салу қажет. Осыған дейін айтқанымдай, тапсырылған жұмыс сапалы орындалмаса, қабылдамаймыз. Мердігер ұйым өз есебінен қайта жөндейтін болады».-дейді шаһар басшысы.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube