Бейжіңде Байтұрсынұлына және Бағлановаға арналған шығармашылық кеш өтті

2920

А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Р.Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде атақты мерейтой иелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара аясында қазақ диаспорасының өкілдері мен қазақстандық жас ұрпақ үшін ұлы қазақстандық қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс ұйымдастырылып, қазақ жазуының дамуына елеулі үлес қосқан А.Байтұрсынұлы туралы деректі фильм көрсетілді.

Шығармашылық кеш шеңберінде А.Байтұрсынұлы және Р.Бағланованың мерейтойлық күндеріне арналған пошталық хатқалталардың тұсаукесері өткізілді. Аталған хатқалталарды Елшілік қытайлық «Beijing Diplomatic Gift Co. Ltd.» компаниясымен бірлесіп басып шығарды.

А.Байтұрсынұлының танымал шығармаларын насихаттап, ән шырқырап би билеген қазақстандық және қытай жастары мерекелік іс-шараға ерекше көңіл күй сыйлады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить