Каспий теңізіндегі бірлескен жедел алдын алу іс-шараларының аяқталуы туралы

3255

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған шараларды жалғастыруда.

2022 жылғы 30 сәуірде ҚР мемлекеттік органдары (ІІМ және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі) және Ресей Федерациясының ФҚҚ Шекара қызметі бірлескен браконьерлік қылмыстардың жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралардың кезекті кезеңі аяқталады.

Рейдтік іс-шаралар барысында шекаралық кеңістікте 109 бұзушы және 52 бірлік түрлі жүзу құралдары ұсталды.

Заң бұзушыларға 2,6 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Жалпы ұзындығы 300 шақырымнан астам браконьерлік аулау құралдары тәркіленді.

Бекіре тұқымдас балықтардың 575 данасы және арнайы ауланатын балықтардың 4 803 данасы, сондай-ақ 43 итбалық табиғи мекендеу ортасына қайтарылды.

Шекара қызметінің іс-қимылдары нәтижесінде 1 млрд.теңгеден астам сомадағы залалдың алдын алынды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить