Жаңа Қазақстан деген мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңғырту деген сөз - Президент

2170

Жаңа Қазақстан нақты көрсеткіштері бар жол картасы емес. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Қазір Жаңа Қазақстанның не екенін түсіндіру ерекше маңызды. Әр азматтың бұған қатысты өз пайымы бар екені түсінікті. Мен бұған дейін ай т қанымдай, Жаңа Қазақстан дегеніміз бұл - Әділетті Қазақстан. Оны құруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек. Жаңа Қазақстан нақты көрсеткіштері бар жол картасы емес. Бұл мемлекет пен қоғамды дамыту жүйесін түбегейлі жаңғырту деген сөз. Бұл мемлекет пен қоғамды дамыту жүйесін түбегейлі жаңғырту деген сөз деп мен тағы да айтқым келеді», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Жаңа Қазақстан – бұл жылдам құбылмалы әлемде біздің жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын жол.

«Жаңа Қазақстан түсінігінің өзін бұлғақтатуға мүлдем болмайды. Бізде мұндай әдет бар», – Қасым-Жомарт Тоқаев.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить