Конституциялық реформалар іс жүзінде фазасына енді - Президент

1581

Конституциялық реформалар іс жүзіндегі фазасына енді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Қоғам елімізді жаңғырту процесіне қатысты өзекті мәселелерді белсенді түрде талқылап жатыр және бұл дұрыс та. Пікірталас түбегейлі саяси трансформация мен экономикалық реформаларға бағытталған бағдардың талап етілетіндігін дәлелдейді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент Ассамблея сессиясын жаңа форматта өткізуге ниет танытқандардың бәріне сөз сөйлеуге мүмкіндік бергенін айтты.

«Кеше жалпы талқылау барысында Ассамблея мүшелері ұйымымыздың қазіргі күн тәртібін жан-жақты талқылады. Айтылған ұсыныстардың барлығы жіті зерделеніп, олардың әрқайсысы бойынша нақты шешім қабылданады. Менің наурыздағы Жолдауымды жүзеге асыру басталып кетті. Конституциялық реформалар іс жүзіндегі фазасына енді. Жүргізіліп жатқан реформаларға әлеуметтік қолдауды кеңейту және нығайтуда Ассамблея үлкен рөл ойнайды және де Ассамблея менің үмітімді ақтайды», - деді Президент.

Осыған дейін Президенттің Ата заңға өзгеріс енгізуге қатысты жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынғанын жаздық.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить