Алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді

1582

 Синоптиктердің болжауынша, демалыс және мереке күндері күн салқын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«1 мамырдан бастап ел аумағына кезекті суық антициклон келіп, жылы ауа массаларын ығыстырады. Бұрынғыша солтүстік өңірлерде суық болады, мұнда термометр бағаны түнде 0-5 градусқа дейін түседі. Ал, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде таулар салқыннан қорғап, жылуды ұстап қалады. Бірақ, нөсер жауын жауады», - делінген хабарламада.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить