eGov.kz мүмкіндігі кеңейе түсті

1530

Жәрдемақылар мен төлемдерді рәсімдеу үшін eGov.kz-те арнайы шотты автоматты түрде ашуға болады.

Екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) бірқатарында автоматты түрде арнайы шот ашу мүмкіндігі Электрондық үкімет порталында (eGov) да қолжетімді болды, мысалға, әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақыларды және зейнетақыларды тағайындау бойынша көрсетілетін жеті мемлекеттік қызметті ресімдеу аясында.
Бұрын eGov порталында қандай да бір төлемдерді тағайындауға өтінім берген кезде 20 таңбалы Iban-шот нөмірін қолмен енгізу қажет болатын. Енді жүйе ЖСН бойынша өтініш берушінің қолжетімді шоттары туралы деректерді алатын болады, бұл шот нөмірін қате енгізу ықтималдығын жояды. Банктерде арнайы шот болған жағдайда, ол мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінім берген кезде тізімде пайда болады.

Ал eGov порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім беру кезінде қолайлы шот ашу үшін пайдаланушылар төмендегідей әрекеттерді орындауы тиіс:

қажетті қызметті таңдау, міндетті жолдарды толтыру;

тізімнен банкті таңдау;

ақша қаражаттарын есептеу үшін шотты таңдау (банк жүйесінен автоматты түрде ұсынылады);

қолжетімді әдістердің бірімен өтінімге қол қойып, оның өңделуін күту.

Сұрау мәртебесі туралы деректерді пайдаланушының eGov.kz-тегі жеке кабинетінде бақылауға болады.

Қазіргі уақытта eGov.kz аясында қазақстандық үш банктен арнайы шот ашуға болады. Олар: «Банк Центр Кредит» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

Оны келесідей мемлекеттік қызметтерді алу барысында ашуға болады:

– баланың туылуына және оның күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау;

– мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;

– мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;

– асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;

– жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау;

– көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау;

– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау.

Болашақта осы функцияны пайдалана отырып, жүгінуге болатын қызметтердің тізімі кеңейеді.

Бұл мүмкіндік ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить