Қазақстан жаңалықтар
26 февраля 2022, 15:28
Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды
Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасының Әскери атташесі полковник Фатих Паламен кездесті.
Тараптар әскери ынтымақтастықтың келешегі, оның ішінде жауынгерлік даярлық пен әскери білім беру саласының жай-күйін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары 2022 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes