Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды

Бас прокуратура Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2 шетел азаматыны ұсталғаны туралы мәлім етті.

«Арнайы жүргізілген тергеу барысында 2022 жылғы қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Алматыда қала әкімдігінің ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетелдік азамат анықталды.

Аталған адамдар ғимаратты қорғап жүрген Мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш қолданған.

Олар полицейлерге бұрын тартып алынған арнайы құралдармен (қалқандар, таяқшалар) дене жарақаттарын салған»,-делінген прокуратураның хабарламасында.

Бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде қылмыскерлердің кім екені анықталды.

Биылғы жылдың 1 ақпанында олар соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу), 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары (билік өкіліне күш қолдану) бойынша сараланды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3074 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить