Ажар Ғиният елордалық жаңа онкологиялық орталықтың құрылыс барысын тексерді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық ғимаратының екінші корпусының құрылыс барысымен танысты.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына желілік үдеткіші бар протон орталығы көрсетілді, оның жанында медициналық палаталары бар ядролық медицина бөлімшесі ұйымдастырылады.

Бұдан әрі ведомство басшысы 10 операциялық блок, реанимациялық, клиникалық-диагностикалық және онкогематологиялық бөлімше орналасқан үй-жайларды қарап шықты.

Сәулелік терапия бөлімшесінде құрылыс жұмыстары аяқталған соң және медициналық жабдықтармен жабдықталғаннан кейін олардың жай-күйінің динамикасын үнемі қадағалап отыратын пациенттерге сәулелік терапияның барлық түрлері жүргізілетін болады. Бұл алгоритмді уақтылы түзетуге және емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР ДСМ басшысына жаңа корпустың құрылысы бойынша Жол картасын іске асыру барысы туралы баяндалды, атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев жобаны іске асырудың аяқталу және оны жабдықтармен қамтамасыз ету мерзімдері туралы хабарлады.

Құрылыс орнындағы кеңес барысында А.Ғиният "орталықты ұстау", оның ішінде аурухананы кадрлармен қамтамасыз ету, әсіресе ядролық физика, ядролық қауіпсіздік сияқты тапшы бағыттар бойынша мәселелерді шешуге кірісуді, оларды жедел түрде дайындауды тапсырды.

"Бұл нысанды біздің еліміздің халқы күтуде, бұл маңызды әлеуметтік нысан. Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулардың 35 000-нан астам жаңа жағдайы анықталады, олардың бір бөлігіне кеш сатыда диагностика жасалынады. Жаңа онкологиялық орталықты салу – стратегиялық маңызды. Қазақстандық пациенттер өздерінің жақындарының жанында үздік халықаралық практикаға сәйкес мамандандырылған ем ала алады", - деп атап өтті министр.

Ғылыми онкологиялық орталықтың корпусы 6 қабаттан, соның ішінде жертөледен тұрады. Ол емдеу-диагностикалық орталығы мен протонды терапия орталығынан тұрады. Корпус 210 және 150 төсектік тәуліктік және күндізгі стационардан тұрады. Шамамен ол бір ауысымда 500-ге дейін амбулаториялық қабылдауды қабылдауға және жылына 6000-ға дейін ауруханаға жатқызуға қабілетті болады.

Жаңа орталықта онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің озық технологиялары, оның ішінде жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдалана отырып, лазерлік, сәулелік және жасушалық-иммундық терапия пайдаланылатын болады.

Барлық іс - шаралар аяқталғаннан кейін ҰҒОО онкопатологияны диагностикалау мен емдеудегі ең озық технологиялар: сәулелендіруге арналған роботтандырылған жүйелері бар радиологиялық бөлімше, заманауи жоғары және төмен энергетикалық желілік үдеткіштер, лазерлік, радионуклидтік терапия бөлімшелері, медицинадағы дербестендірілген тәсілге негізделген жасушалық-иммундық терапия бөлімшелері, сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет ұсынылатын протондық және ядролық медицина орталықтары шоғырландырылатын елдің онкологиялық қызметінің дамуын үйлестіру және бақылау орталығы болады.

Бұдан басқа, ҰҒОО үлгілі инфрақұрылымы және ғылыми, клиникалық, білім беру практикасының интеграциясы бар Орталық Азия өңірі елдерінде онкологияны емдеу және диагностикалау саласындағы жетекші мекеме болуы тиіс.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте