Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оралда есірткі зертханасын жойды

1856

Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері "гидропоника" әдісімен марихуана өсірген есірткі зертханасының ұйымдастырушыларын ұстады, деп хабарлайды Sputnik.

ҰҚК хабарлауынша, қаладағы жеке үйлердің бірінде екі азамат каннабистік топтың есірткі заттарын заңсыз өсіріп, сақтаған.

Заңсыз айналымнан 17 килограмм марихуана, 100 түп қарасора мен зертханалық жабдық, сондай-ақ кесілген тегіс ұңғылы мылтық пен травматикалық тапанша тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Бұл бап қылмыскердің мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сот "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить