Жамбыл облысында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

1265

Жамбыл облысында "ҚТЖ - Жүк тасымалы" филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik.

Ресми мәліметке сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлескен операция өткізген. Сол кезде 800 мың теңге көлемінде пара алған "Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі" ЖШС "ҚТЖ - Жүк тасымалы" филиалының бастығы ұсталды.

"Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептер бойынша оң шешім шығарғаны, сондай-ақ ары қарай қамқорлық жасаймын деп ақша алған", - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі кезде тергеу шаралары жалғасып жатыр. Осыған байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить