Португалияның Ұлттық кітапханасы Тоқаевтың «Ол тарихты жасайды» атты кітабымен толықтырылды

1330

Португалияның Ұлттық кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жарық көрген «Ол тарихты жасайды» атты Елбасы туралы кітабының тұсаукесері өтті.

Тұңғыш Президент күні мен ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шара барысында, Елші Дәулет Батырашев кітапта Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше тұлғасы ашылғанын, автордың қызықты ескертулері мен бұрын беймәлім тарихи деректер, көрнекті көшпелі өркениеттің мұрагері болып табылатын қазіргі қазақ мемлекетінің нығаюына ықпал еткен Елбасының аса маңызды шешімдері қамтылғанын атап өтті.

Қазақстанның Лиссабондағы Елшілігінің бастамасымен және қолдауымен алғаш рет португал тілінде жарық көрген, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстырудағы ең беделді дереккөздердің бірі болып табылатын еңбек португал оқырманына ғана емес, сонымен қатар дүниежүзіндегі шамамен 300 млн. адамды құрайтын португал тілінде сөйлейтін халықаралық қауымдастығына арналған.

Мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мен білім алмасу игі дәстүрін жалғастыра отырып, кітаптың бірнеше данасы, сондай-ақ Елшіліктің португал тіліндегі соңғы басылымдары, соның ішінде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауы Португалияның бас кітапханасының қорына табыс етілді.

Португалия Ұлттық кітапханасының бас директоры Мария Инеш Кордейру елдеріміз арасындағы мәдениет пен әдебиет саласындағы ынтымақтастықтың дамуын құптады. Оның айтуынша, қазақстандық туындылар жергілікті оқырмандары арасында танылып, болмыш елдің бас кітапханасының кітап қорының ұлғаюы туралы жаңалықтарды қызығушылықпен қабылдайды.

Өз кезегінде, Португалиядағы ең ірі күнделікті «Diariu de Noticias» газеті бас редакторының орынбасары Леонидиу Паулу Феррейра Қазақстанға жасаған сапарлары туралы, оның барысында еліміздің табысты дамуы мен жетістіктеріне тікелей көз жеткізгендігін баяндап берді. Бұл бағытта ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың шешуші рөлі, оның тұлғалық қасиеттері, стратегиялық көрегенділігі және сындарлы саясаты сөзсіз және сипатталған оқиғалардың тікелей қатысушысы – Президент Қ.Тоқаев терең ашып көрсетуде.

Іс-шараның нәтижесінде тараптар Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Португалия Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумның келісуін тездетіп аяқтау жөнінде уағдаласты.

Португалия Ұлттық кітапханасы 1796 жылы құрылған. Бұл елдегі ең үлкен кітапхана. Елдің библиографиялық мұрасын жинап, өңдеп, сақтайды және оны зиялы қауым мен ғылыми қауымға қолжетімді етеді. Кітапхананың жалпы қорында XVI-XXI ғасырлар аралығында жарық көрген 3 миллионнан астам кітап, сонымен қатар тарихи жарғылар мен географиялық карталар, суреттер, ноталар мен аудиоқұжаттар бар. Ұлттық библиографиялық агенттік ретінде кітапхана ең ірі библиографиялық мұраның депозитарийі ретінде қызмет ететін басылымдардың заңды депозитіне жауап береді.

Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить