Смайылов екінші еуразиялық конгреске қатысты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов «Негізгі инвестициялық жобалар – ЕАЭО экономикалық өсудің жүйелі драйверлері атты пленарлық сессияға қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

2 желтоқсанда Мәскеуде екінші Еуразиялық конгресс өтті. Бұл Еуразиялық аймақты дамытудың ең өзекті мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдерінің ашық диалогы, сондай-ақ ұлттық экономиканың әл-ауқатын жақсарту және дамыту бойынша одаққа мүше елдер арасындағы ынтымақтастық алаңы.

Қазақстан үшін басым жобаларға тоқталған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ЕАДБ акционері ретінде біздің еліміз үшін банктің интеграциялық даму призмасы арқылы экономиканы қаржыландыру маңызды екенін айтты. Қазақстан биыл ЕАЭО органдарында төрағалық етеді. Осының аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысты күшейтуді қажет ететін бірнеше басым бағыттарды белгілеген болатын, олардың бірі – өнеркәсіптік кооперация екенін еске салды Смайылов.

Ә. Смайылов ЕАДБ-ның бұл жұмысқа серпін беретін қуатты әлеуеті бар екенін атап өтті. «2025 жылға дейінгі өндірістік кооперацияның негізгі бағыттары» атты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары көрсетілген құжат қабылданды. Бұл машина, ұшақ жасау, ғарыштық технологиялар, химия және фармацевтика өнеркәсібі саласындағы жобалар.

Тағы бір бағыт бұл – көлік-логистикалық ынтымақтастық.

«Бұл жерде біз ЕАДБ-ның тауар тасмалдаудың ортақ жүйесін құру бойынша бастамасын құптаймыз. Бұл біздің үлкен аумақтарымызға қарамастан логистикалық жүйелердің даму деңгейінің төмендігін ескере отырып, көлік шығындарын азайту қажеттілігі тұрғысынан тиімді. Бұл экспортты дамыту және азық-түлік қауіпсіздігіне де маңызды. Еуразиялық даму банкінің бірінші кезекте бизнесті ынталандыруға, атап айтқанда өз экономикасын азық-түлік және азық-түлік емес тауарлармен қамтамасыз етуге үгіттеуге, бірлескен жобаларды жасауға, қосылған құны жоғары бірлескен өнімдерді шығаруға мүмкіндігі зор. Кейін сол өнімдермен экспортқа шығуға болады», — деп атап өтті Ә. Смайылов.

Өз кезегінде Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Н. Подгузов ЕАДБ сарапшыларының болжамы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 4,2-5,3% деңгейінде күтілетінін және бұл ЕАЭО жалпы ішкі өнімнің ең жоғары өсу қарқыны болатынын атап өтті.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
885 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить