Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген
Қазақстанда 3 млн 824 мың 200 жеңіл көлік тіркелген, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.
Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда 610 120 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,6% көп. Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3824,2 мыңды құрайды.
Биылғы тоғыз айда ел өңірлерінде 9422 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 13844 адам зардап шеккен. Өткен жылға қарағанда апаттылық 5,5% артқан.
2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелеріне сақтандыру ұйымдары 27,2 млрд теңге сомасына 60 482 сақтандыру төлемін жасаған.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»