Қаржы мониторингі: Жақыныңыз қаржы пирамидасына тартылса бірден хабарласыңыз

1223

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті қаржы пирамидасының белгілері бар «Antares Limited» инвестициялық компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Компания қызметкерлері елдің қаражатын инвестициялар бойынша тренингтер өткізу арқылы тартып отырған, деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тренингке қатысушылар қаржыны компания қызметкерінің «Kaspi Bank» карточка шотына аударған. Одан әрі олар виртуалды ақша аударылған электрондық парақты ашуға мүмкіндік алған.

Бұл қаражатқа күніне салым сомасының 1% көлеміндегі уәде етілген пайдасы бар инвестициялық пакет сатып алынды. Ақша тек жаңа салымшыларға пакеттер сату немесе қосымша инвестициялық пакеттер сатып алу арқылы шығарылып отырды.

Сонымен қатар, жаңа салымшыны тартқаны үшін виртуалды ақшамен төленген салым сомасының 1-ден 5%- на дейінгі сыйақы қарастырылған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Қаржылық мониторинг агенттігі ел тұрғындарын осындай күмәнді жобаларға қатысудан бас тартуға шақырады. Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасына тартылған болса +7 7172 708 478 сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.

Қаржы пирамидалары жыл соңына қарай барлық бонустар мен халықтың сыйақыларын тарту үшін белсенділігін арттыра бастайды.

Көбінесе ұйымдар құрылыс және әртүрлі бизнес-жобаларға, криптовалютаға, сондай-ақ брокерлік компаниялардың акцияларына инвестициялар түрінде қаражат тартумен айналысады.

Пирамидалардың көпшілігі интернет-жобалар түрінде әрекет етеді және сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істейді»-делінген ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить