Президент үкімет пен әкімдерге халықты қайта вакциналауға кірісуді тапсырды

1368

Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласына өтіп жатқан моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз екенін айтты, деп хабарлады Ақорда.

"Эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр – күн сайын отызға жуық адам қайтыс болады. Бұған вакцинация қарқынының төмендеуі әсер етіп отыр. 9 ай ішінде халықтың шамамен 40%-ті қамтыды", - деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, көптеген ел халықты қайта вакцинациялауға кірісті.

"Біз вакцина салдыру науқанын наурызда бастағанымызды ескерсек, бізге де ревакцинация жасайтын уақыт келді. Үкімет пен әкімдер халықты қайта вакциналау науқанына кірісуі керек", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетері, денсаулық сақтау министрлігі қарашаның үшінші онкүндігінен халықты ревакцинациялауды жоспарлап отыр. Қайта вакциналау кезінде адамдарға вакцинаның тек бір дозасы егіледі.

"Коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан соң қосымша доза салдыру ұсынылады", - деген еді денсаулық министрі Алексей Цой.

Спутник V вакцинасын салдырғандар 9 айдан кейін инактивтелген Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in немесе Pfizer вакцинасын ала алады.

Ал, керісінше, Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in вакцинасы егілгендерге 6 айдан соң векторлық Спутник V немесе м-РНК-вакцина (Pfizer) салынады.

Pfizer салғызғандарға алты айдан кейін инактивтелген Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in немесе векторлық Спутник вакцинасын қайта салу ұсынылады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить