Екі қала мен бес өңірде бірнеше шенеунік не үшін ұсталғаны белгілі болды

1374

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша арнайы операция жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тінту мен қамауға алу жүргізіліп жатыр.

"Барлығы ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны жымқыруға байланысты ұсталды", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Агенттік толығырақ қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Қазақстандық БАҚ-тың ақпараты бойынша, аталған қылмыс арқылы мемлекетке миллиардтаған шығын келген.

Әрі қарай оқу: 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить