Елордада ақмолалық тауар өндірушілердің азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

928

Еліміздің бас қаласына тікелей жақын орналасқан Ақмола облысы тек өңір тұрғындарын ғана емес, астана тұрғындарын да азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Азық – түлік белдеуін дамыту аясында 300 шақырымдық аймақ анықталса, оған облыстың 17 ауданы еніп отыр, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Азық-түлік жәрмеңкелерін өткізу елорда тұрғындарына қолайлы бағамен жергілікті өнімдерге қол жеткізудің бірден бір жолы. Осы бағытта қазанның 30-31 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі.

Елорда қонақтары мен тұрғындары үшін азық-түліктің 50-ден астам түрі ұсынылады. Оның ішінде көкөністер, жемістер, қышқыл сүт, ет өнімдері және басқа да көптеген экологиялық таза өнімдер бар. Ұсынылатын азық-түлік нарық бағасынан 10-15 пайызға арзан болады.

«Облыс шаруалары 123 тонна ет және шұжық өнімін, 50 тонна сүт және сүт өнімін, 8 тонна балық, 394 мың дана жұмыртқа, 13 тоннадан астам ұн, 164 тонна картоп, 54 тонна көкөніс, 3 тоннадан астам кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін, 3 тонна өзге де қажетті өнімдер жеткізеді», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан.

Айта кетейік, аталмыш жәрмеңкеге екі жүзге жуық ауыл шаруашлығы тауарын өндіруші кәсіпорын қатысып, 460 тоннадан астам өнім ұсынады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube