Түркия мен Қазақстанның әскери оқу орындары келісім жасады

Тұңғыш президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Түркияның Ұлттық қорғаныс университетінде болды, деп хабарлайд Sputnik.

Қазақстандық делегация Түркия Ұлттық қорғаныс университетінің оқу-материалдық базасымен танысты. Тараптар екі мемлекеттің әскери оқу орындарының өзара іс-қимылын нығайту мәселелерін талқылады.

Сапар қорытындысы бойынша жоғарыда аталған әскери жоғарғы оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Қос мемлекет әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамытып жатқанын атап өту керек.

Әрі қарай оқу:

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте