Қазақстан мен БАӘ екі ел тәуелсіздіктерінің мерейтойларына орай бірлесе пошта маркаларын шығарды

1054

Қазақстан мен БАӘ пошта қызметтері Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығы және Біріккен Араб Әмірліктері құрылуының 50-жылдығы тақырыбында екі пошта маркасын бірлесіп шығаруды жүзеге асырды.

Әбу Даби қаласында өткен олардың тұсаукесері рәсіміне Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин және БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид әл Нахайянның қатысты.

Айта кетейік, «Қазпошта» АҚ мен «Emirates Post» компанияларының бірлескен жемісті жұмыс тәжірибе бар. 2015 жылы ұлттық пошта компаниялары екі мемлекет арасындағы ынтымақтасқа арналған бірлескен пошта маркасын шығарған болатын.

Жоба Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігінің бастамасымен жүзеге асырылды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить