Елордада бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама тараған

1065

 Нұр-Сұлтан қаласындағы орта мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген хаттар келгені туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті тексеру жүргізді, ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш заттың салынғаны туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Ведомство азаматтардан үрей туғызбауды және мессенджерлерге жалған хабарламалар жібермеуді сұрайды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить