Нұр-Сұлтанда пауэрлифтингтен ел чемпионаты басталды

1332

Нұр-Сұлтанда пауэрлифтинг пен пара пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мүгедектер күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған турнир паралимпиадалық жаттығу орталығында өтіп жатыр.

Іс-шараның мақсаты – паралимпиадалық құндылықтарды насихаттау және Паралимпиадалық жаттығу орталығына келушілер арасында осы спорт түрін танымал ету, сол сияқты ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту, ұлттық құраманы жасақтау үшін республикалық және халықаралық чемпионаттарды өткізу.

«Жастар арасында 7-9 қазан күндері пауэрлифтинг пен пара пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтуде. Турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлері 2022 жылғы ұлттық құрамаға іріктеледі. Олар халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайды. Турнирге еліміздің 9 өңірінен 65 адам қатысуда», - деді пауэрлифтингтен команда жетекшісі Ұлан Әнуар.

Айта кету керек, пара пауэрлифтинг – Қазақстанның Токио-2021 Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған спорт түрі. Давид Дегтярев жеңісінің арқасында Жапония астанасында мемлекеттік әнұран шырқалды.

Пара пауэрлифтингпен аяғы ампутацияланған, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған спортшылар айналыса алады.

Парапауэрлифтинг Алина Солодухина турнирдің алғашқы жарыс күнінде 81 кг көтерді, ал өзінің салмағы - 45 кг.

«Бәріміз - Ұлттық паралимпиада комитетінің штаттық спортшыларымыз. Мұнда оқу-жаттығу жиындары, түрлі іс-шаралар өтеді, бұл біздің жұмыс орнымыз», - деп атап өтті спортшы.

Айта кету керек, іс-шараның ашылуында парачерлидинг командасы өнер көрсетті. Сол сияқты команданың жұмыс істеуіне көмектесетін еріктілерге грамоталар табыс етілді. Айта кету керек, еріктілердің өзі де мүгедектігі бар адамдар.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить