Ыстанбұлда Көлік және байланыс кеңесінің 12-отырысы өтуде
2021 жылғы 6-7 қазан аралығында Ыстамбұлда Көлік және байланыс жөніндегі кеңестің 12-отырысы өтуде. Кеңеске қатысушы елдердің Көлік министрлерінің кеше өткен дөңгелек үстелінің жабық сессиясына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Сайлауұлы Камалиев қатысты.
Бұл сессия «Логистика-Ұтқырлық-Цифрландыруға бағытталған өзара байланыс» тақырыбына арналып, онда Б.С. Камалиев көлік жүйелеріне цифрлық технологияларды енгізу бойынша Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті.
Бұдан басқа, Кеңес аясында 100-ден астам компания және 25 мыңнан астам адамның қатысуымен бірқатар сессия өткізілді.
Жалпы үкімет пен бизнес өкілдеріне аймақтық және жаһандық проблемаларды шешу және ынтымақтастық мүмкіндіктерін құру бойынша құнды алаң ұсынылды.
Сонымен бірге вице-министр Берік Камалиев Әзербайжан, Грузия және Түркия министрлерімен Транскаспий халықарылық көлік маршрутын одан әрі дамыту бойынша төртжақты отырысқа қатысты.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»