Қазақстанның экономикасы Ұлттық қордан трансфертсіз 2020 жылы 6,9%-ға дейін төмендеуі мүмкін еді – қаржы нарығының реттеушісі

1405

Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының кеңесшісі Тимур Әбілқасымов деп хабарлады.

Оның айтуынша, Агенттік талдаушыларының тобы ІЖӨ-нің болжамды құлдырауын бағалау үшін Ұлттық қордың Қазақстан экономикасындағы дағдарысқа қарсы рөлін бағалады.

«Мұндай бағалау екінші деңгейдегі банктерді стресс-тестілеу сценарийлерін қалыптастыру үшін қажет», - деп атап өтті спикер.

Әбілқасымовтың пікірінше, банк жүйесіне табысты қадағалап стресс-тестілеуді өткізу үшін маңызды құрауыштардың бірі макроқаржылық сценарийлерді таңдау, атап айтқанда, күйзелістің тереңдігі және оның ұзақтығы болып табылады.

Ведомство талдаушылары мемлекеттік шығыстардың Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсерін ескере отырып, Ұлттық қордан трансферттер есебінен ынталандырусыз «ІЖӨ күйзелісін»  зерделеді.

"Сонымен бірге авторлар Ұлттық қор мөлшерінің өзінің 30% төмендетілмейтін қалдығына ықтимал жақындауына байланысты трансферттерді бөлместен ІЖӨ-нің ықтимал құлдырауын қарастыру өзектілігін атап өтеді», - дейді Әбілқасымов.

Агенттік Қазақстандағы алдыңғы дағдарыс кезеңдерін және экономикалық белсенділіктің құлдырауын барынша азайту мақсатында Үкімет қабылдаған, соның ішінде Ұлттық қор трансферттері есебінен қаржыландырылған шараларды зерделеді.

Талдау жасалған кезеңде (2008-2009, 2015-2016, және 2020 жылдары) Ұлттық қордан бюджетке 12,3 трлн теңгеге жуық көлемде қаражат жіберілді.

Алынған нәтижелерге сәйкес, COVID-19 пандемиясының таралуы салдарынан туындаған дағдарыс талдау жасалған кезең ішінде ең айтарлықтай дағдарыс болды, - деп атап өтті Агенттік басшысының кеңесшісі.

"Үшінші талдау жасалған дағдарысты кезеңде трансферттердің экономиканың өсуіне  қосқан үлесі  4,4 пайыздық тармақты немесе 3,3 трлн теңгені ($8 млрд) құрады. ІЖӨ-нің іс жүзінде құлдырауы 2,6% болғанын ескере отырып, Ұлттық қордан бюджетке қосымша ағын болмаған кезде, құлдырау 6,9% болуы мүмкін еді", - делінеді зерттеуде.

Пандемия кезеңінде туындаған дағдарысты ескере отырып, зерттеу авторлары жүйелік тәуекелдерді бақылау мақсатында белгісіз немесе іске асырылмаған жүйелік тәуекелдерді одан әрі зерделеу мен модельдеудің маңыздылығын атап өтеді.

2020 жылы Ұлттық қордан кепілдік берілген трансферт 4 трлн 770 млрд теңге мөлшерінде бекітілді.

Саясат туралы анықтаманың толық мәтінін мына жерден табуға болады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить