Жақсы ауданының өрт сөндірушілері бензовоздың жарылуын болдырмады

836

Кеше, 21 қыркүйекте 17 сағат 27 минутта құтқарушыларға Газ-53 маркалы автомобиль мен сыйымдылығы 50 текше метр дизель отыны бар автоцистерна жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жарылыстың алдын алуға мүмкіндік туды. Өртке үшінші дәреже берілді. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ, Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі деп хабарлайды.

"Жүргізушінің айтуынша, ол жанармай құюға келіп, автокөлікке жанармай құю кезінде өрт шыққан, содан кейін өрт дизель отыны бар 50 текше цистернаға жайылған", – деді Жақсы ауданының ТЖБ бастығы Біржан Әбілмәженов.

Өртті сөндіруге ТЖБ қызметкерлері бір адам, Жаңа-Қима а .28-ӨП, 2 бірлік техника жеті адам, Жақсы а. 13-ӨСБ, 1 бірлік техника төрт адам, ЖПҚ 1 бірлік техника екі адам, МЕӨҚ 1 бірлік екі адам, "Жаңа Жол" ЖШС ЕӨҚ 3 бірлік техника бес адам жұмылдырылды. Өрт 19 сағат. 50 мин. ауыздықталып, 20 сағат 09 минутта жойылды.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт шыққан кезде дереу құтқару қызметінің 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалу керектігін ескертеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить