Елорданың волонтерлері қала тұрғындарына екпенің маңызы туралы буклеттер таратты

1239

Елордада көшеде кетіп бара жатқан қала тұрғындарына COVID-19 вакцинациясының маңызы туралы жүздеген буклет таратылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Акцияны елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» ЖРО ұйымдастырды. Жұрт көп жиналатын орындарда елордалық волонтерлер «Covid-ті тоқтат, екпе ал!» буклетін таратты.

«Буклеттерді тарату акциясы ең алдымен адамға вакцинацияның маңызын түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар, біз қала тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы екпені қайдан алуға болатыны туралы хабардар етеміз. Мақсатымыз –барынша көп адамды вакцинациялау арқылы өзін және жақындарын қорғау», – деді ерікті Дамир Айтымов.

Елорда тұрғындарымен әңгімелесу барысында волонтерлер вакцинация ғана елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсартатынын түсіндірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube