Ноғаев: Президент Жолдауын жүзеге асыру экономиканың дамуына мультипликативті әсер береді

1446

Бүгін, 3 қыркүйекте, аппараттық кеңес барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Президенттің Жолдауында көрсетілген шараларды жүзеге асыру бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді, - деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында отын-энергетика кешеніндегі өзекті мәселелерді атап өтті.

Атап айтқанда:

* Алматыдағы 2-ші жылу электр орталығының аумағында бу-газ қондырғысын салу, 3-ші жылу электр орталығын жаңғырту және 1-ші жылу электр орталығын кеңейтуге кірісу;

* Оңтүстік өңірде 1000 МВт жаңа энергия өндіруші қуаттарды іске қосу;

* Алматы және Алматы облысындағы кабель желілерін қайта жаңарту;

* Стратегиялық инвесторлармен бірлесіп, еліміздің түрлі өңірінде шамамен 2400 МВт жаңартылатын қуат көзін іске қосу;

* Орта мерзімді перспективада неғұрлым ластанған 10 қаланы газдандыру және баламалы энергия көздеріне көшу;

* Батыс өңірлерді газбен қамту жағдайын жақсарту үшін биылғы жылдың өзінде үш жобаны іске асыру қолға алу. Бұл – Қашағандағы газ өңдеу зауытын және «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистралдық газ құбырының құрылысы, сондай-ақ «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралдық газ құбырын жаңғырту.

* Қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасын, сондай-ақ «жасыл» сутегі энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеуді тапсырды.

- Президент өз Жолдауында атап өткендей, Елбасының көреген саясатының арқасында біз жаңа мемлекет құрдық, даму үшін берік іргетас қаладық және тұрақты прогресс жолына шықтық, - деді Нұрлан Ноғаев. - Президент Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық құрылымдық бөлімшелердің басшылары бар күш-жігерін салуы тиіс. Бұл құжатта көрсетілген шаралар отын-энергетика кешеніне ғана емес, ел экономикасына да үлкен мультипликативті әсер етеді. Энергетика министрлігі қазірдің өзінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарға ұсыныстар жіберді. Барлық деңгейдегі басшылар Президент тапсырмаларының орындалуына жеке жауап береді. Бұл мәселе Үкіметтің тұрақты бақылауында.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить