Қазақстан мен БАӘ толық масштабты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті

Онлайн режимде Қазақстан-әмірлік бірлескен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті.

Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, әмірліктер тарапын - БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл Мазруи басқарды.

Отырыс барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың жаңа бағыттары мен ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі, инвестициялар, энергетика, логистика және көлік, ғарыш, цифрлық технологиялар және инновациялар, денсаулық сақтау, білім, еңбек, техникалық реттеу және стандарттау, геология, туризм, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы шарт-құқықтық базаны одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамыту, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында сауда миссияларын, бизнес-форумдарды және басқа да бірлескен іс-шараларды өткізіп тұру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Пікір алмасу барысында тараптар сауда миссияларын, бизнес-форумдарды және басқа да бірлескен іс-шараларды кезең-кезеңімен өткізуге келісті. Сондай-ақ, жасанды интеллект, цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жобаларды әзірлеу туралы уағдаласты.

Онлайн-кездесудің қорытындысы бойынша Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.


Дереккөз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте