Алматыда Төле би көшесі уақытша жабылады

1492

Алматыдағы Төле би көшесінің кей учаскелерінде көліктердің жүруіне тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында Төле би көшесінің бойы, атап айтқанда А. Байтұрсынов пен Қ.А Яссауи көшелерінің аралығы жабылады», - деп хабарлады Алматы қаласының мобильділік басқармасы.

Уақытша шектеу жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізілді.

Сонымен қатар, Б. Момышұлы көшесі мен Райымбек даңғылы қиылысындағы жолайрығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 13-23 тамыз аралығында Момышұлы көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Басқарма өкілдері тұрғындарды қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить