Әйелдер күресінен жастар арасындағы әлемдік сынға қатысатын құрам анықталды

1453

Әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

16-22 тамыз аралығы Ресей Федерациясы, Уфа қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жастар арасында (U-21) әлем чемпионаты өтеді.

Қыздар күресінен еліміздің намысын Уфа бозкілемінде 10 бұрымды балуан келесі балуандар қорғайды. Олар:

50 келі: Маркашева Аяжан (Шымкент)

53 келі: Баянова Зейнеп (БҚО)

55 келі: Дүйсенғалиева Сандуғаш (Шымкент)

57 келі: Раймова Нилюфар (Түркістан обл)

59 келі: Аман Мадина (Түркістан обл)

62 келі: Болд Жангүл (Ақмола обл)

65 келі: Токташ Аяжан (ШҚО)

68 келі: Панасович Анастасия (БҚО)

72 келі: Зайцева Александра (Ақмола обл)

76 келі: Мулкинова Дильназ (Алматы)

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить